Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметінің дәстүрлі бағыттарының бірі – қайырымдылық. Осы орайда, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Қайырымдылық керуені» бастамасы аясында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінен Қарақия ауданы Жетібай ауылының әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына тұрмысқа қажетті азық-түлік жөнелтілді.
«Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қайырымдылық жасау, қамқорлық таныту. ҚМДБ тарапынан бастау алған бұл іс-шаралар біздің өңірімізде әрі қарай да жалғасын табады. Алла жолдарыңызды оң қылсын. Сәтті сапар тілеймін!», - деді Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы.
Айта кетейік, бұл жолғы көмек тұрмыс жағдайы төмен 50 отбасына арналып отыр. Аталмыш көмек аясында арнайы азық-түлік себеттері (ұн, макарон өнімдері, күріш, қарақұмық, қант, сұйық май, шай) үлестіріледі.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі
beket-ata.kz
18.08.2020
3456
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру