Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Қайырымдылық керуені жолға шықты

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 18.08.2020 2450 0 пікір
Шымкент: Қайырымдылық керуені жолға шықты

 

Бүгін ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойы аясында Қайырымдылық керуені Түркістан облысы, Түлкібас ауданының Машат елді мекенінде орналасқан «Машат» жазғы лагерінде демалыста жүрген 4 бірдей Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жеткізілді.

Игі шараға ҚМДБ-ның Шымкент орталық мешіті мен қалалық «Зекет» қоры ұйытқы болса, айрықша қаржылай көмек берген жеке кәсіпкер – Меймангүл Құдысқызы. Қайырымдылық шараға жалпы көлемі 700 мың теңге қаражат жұмсалды.

Айтулы шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қолға алып отырған игі шараның маңызлығына тоқталып, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнайы құттықтау сәлемін жеткізді.

Айтулы шараға қалалық «Халал Даму» бөлімінің жетекшісі Қазыбек Сарыбаев, қалалық «Зекет» қорның өкілі Айбек Азимбаев, қала имам кеңесшісі Азамат Әбдікерімұлы және мешіт жанындағы еріктілер тобының мүшелері қатысты. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақыттарда жалғасын табады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру