Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Құдық пайдалануға берілді

Шымкент қалалық өкілдігінің бойынша баспасөз қызметі 17.08.2020 2724 0 пікір
Шымкент: Құдық пайдалануға берілді

Шымкент қаласы Ақжар елдімекені «Мейірман» мешітінің ауласына Шымкент  орталық мешіті мен қалалық «Зекет» қорының ұйытқы болуымен құдық қазып, пайдалануға берілді.  

Шарада Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов сөз алып, алдымен ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің арнайы құттықтау сәлемін жеткізіп, жергілікті ауыл тұрғындарын құттықтады. Сондай-ақ шараға әл-Фараби ауданының бас имамы Ахметжан қажы Керімбек, қала имамының кеңесшісі Азамат Әбдікерімұлы, қалалық «Зекет» қорының өкілі Айбек Азимбаев, іс басқарушы Сержан Мақсұтов, «Мейірман» мешітінің имамы Дәурен қажы Тасқараев және ауыл ақсақалдары қатысты.

Құдықты Бақтияр Нұржан есімді жеке кәсіпкер өз тобымен қазып, жүргізді. Құдықтың тереңдігі – 80 метр. Таза мөлдір су. Ішуге де, бақша өнімдерін суаруға да болады.

«Құдық қазуды осы жерден таңдау себебіміз, мешіттің жері өте кең, яғни 2 гектарға жуық жер аумағы бар. Осы күнге дейін су өте тапшы болатын. Жуырда ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына орайластырып 300 түп жеміс ағашы отырғызылды. Енді, міне судан тапшылық көрмейтін болады. Су мешітке де мешіт аумағында тұратын ауыл тұрғындарының қажетіне жарайды» деді Бақдәулет қажы Абдрахманов.

Шараға жиналған жамағат, ауыл ақсақалдары осы игі шараның бастамашысы болған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшылығына ризашылық білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру