Ұлы Абайдың 175 жылдығы және ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына орай Өскемен аймағы өкілдігі жеткіншектер арасында «Абай жыры – тағылым тұнығы» атты байқау жариялаған еді. Сайыс қорытындысы шығарылып, жүлдегерлер марапатталды.
Бұл байқаудың ережесінде әр қатысушы ұлы ақынның өлеңдерінен жатқа оқып, бейнебаян түрінде түсіріп жіберу шарты қойылған болатын. Байқауға әр аймақтан оқушылар белсенді қатысып, Абайдың жырларын асқақтатты.
«Абай күні» қарсаңында осы сайысқа Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы атынан қатысып, жеңімпаз болған жеткіншектер марапатталды.
Жүлдегерлерге өкілдіктің сыйлығын «Зайсан аудандық мешітінің» ұстазы Әйгерім Ерболатқызы Абай мүсінінің алдында табыс етіп, талапты оқушыларға табыс тіледі. Оқушылар ұлы ақын ескерткіші алдында Абайдың өлеңдерін оқыды.
Іс-шара туралы: «Абай тағылымы ұлтымыздың тәлім алатын қайнар бастауы. Әсіресе жас жеткіншектерге Абай мұрасын насихаттап, адамгершілік қағидаларға баулудың маңызы зор. Абай руханияты қай заманда да өз құндылығын жоймайды» деп атап өтті шараны ұйымдастырушы Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бірінші наиб имамы Дәулет Қабидолдин.
Байқауға қатысушылар сайыстың әділ, лайықты бағаланғандығын жеткізіп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
furqan.kz
16.08.2020
3040
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру