Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Жаңаөзен имамдары бас қосты

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 16.08.2020 3040 0 пікір
Маңғыстау: Жаңаөзен имамдары бас қосты

Осыдан бірнеше күн бұрын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы мен Жаңаөзен қаласының бас имамы Құрманбек Абдалиевті қабылдағанын хабарлаған болатынбыз.

Аталмыш кездесу барысында Бас мүфти Наурызбай Тағанұлы жат ағымның жетегінде кеткен жастармен кешенді түрде жұмыс жүргізу, жеке түсіндіру шараларына басымдық беру және өзге де мәселелерге назар аударған болатын.

Осыған орай, ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар Ізімбайұлының тапсырмасына сай, Жаңаөзен қаласының бас имамы Құрманбек Абдалиевтің төрағалығымен қала имамдары бас қосып, дін қызметкерлерінің алдына тиісті міндеттер қойылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру