Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚОСТАНАЙ: ӘУЛИЕКӨЛДЕ КӨПІР ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ (ФОТО)

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі akmechet.kz 15.08.2020 3357 0 пікір
ҚОСТАНАЙ: ӘУЛИЕКӨЛДЕ КӨПІР ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толуына орай Қостанай облысының Әулиекөл ауданында айтулы шара өтіп, көпір қолданысқа берілді.

ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы мұндай игі шаралар Мүфтияттың бастамасымен еліміздің барлық аймақтарында өтіп жатқанын атап өтті.

Айта кету керек, биыл «30 игі шара» аясында елге тиімді және ыңғайлы құдық не жер асты суы колонкасы, бұлақ көзін ашу, баспанасы жоқ дін қызметкерлеріне үй беру, зират-қорымдарды қоршау секілді істер атқарылуда.

«Міне, осындай игі іске атсалысып жатқан демеушілерге Алла тағала разы болсын. Осы Әулиекөлдегідей игі шаралар жалғасын таба берсін» деп бас имам  Бахытбек Тәжімбет көпірді халыққа және Әулиекөл селосы әкіміне салтанатты түрде табыс етті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру