ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Жүрек жылуы» атты акциясы жалғасын табуда.
Акция барысында емделушілер ең қажетті деген дәрі-дәмектермен қатар құрал-жабдықтар (дене қызуын, қан қысымын өлшегіш құралдар, т.б.) қамтылып келеді.
Осындай игі істе, індеттің тез жойылып, бұрынғы жайма жуақ күндерімізге тезірек жетуді ниет еткен Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов пен Шымкент қалалық «Зекет» қорының жетекшісі Айбек Әзімбаевтың ұйытқы болуымен бүгінде ауруханадан шығып, үй жағдайында күтімде жүрген азаматқа ингаляция аппараты табысталды.
Бас имам Бақдәулет Нұрматұлының айтуынша, бұл бағыттағы қайырымдылық жұмыстар қайырымды һәм жомарт жандардың көмегімен жалғасын табады.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
iman.kz
15.08.2020
2929
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру