Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Науырзым ауданында бұлақтың көзі ашылды

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі akmechet.kz 14.08.2020 2669 0 пікір
Қостанай: Науырзым ауданында бұлақтың көзі ашылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен атқарылып жатқан шаралар аясында Қостанай облысының Науырзым ауданындағы бұлақ көзі ашылды.

Бұл Қараменді елді мекені жолында бұрыннан көзі ашылмай жатқан бұлақ еді. Міне, осы игі іске сол елдің азаматы Шолақсай ауылының басшысы Өмірзақ Ихтиляпов демеушілік етті. Осылайша бұлақ көзі ашылып өткен-кеткен жолаушыларға ыңғайлы етіп жан-жағы абаттандырылды.

Айта кету керек, осы игі істе ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы, наиб имам Әлішер Ертайұлы, Науырзым ауданының әкімі Талғат Тойшыбекұлы келді. Сонымен бірге аудандық «Түркебай» мешітінің алқа мүшелері де куәгер болды.

Сансызбай Құрбанұлы бұлақ көзін ашу, көпір немесе жол салу тағы басқа халыққа жасалған істердің сауабы еш тоқтамайтындығы туралы айтты.

Ал аудан әкімі Талғат Тойшыбекұлы осындай игі шаралар елімізде көбейе берсе, біздің тарапымздан қолдау білдіреміз деп өтті.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру