ҚМДБ «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» акциясының аясында 250-баспана Қазығұрт ауданының тұрғыны Несіпгүл Баймұрзаның отбасына берілді.
6 бөлмелі үй жамағат пен демеушілердің көмегімен салынды. Көпбалалы анаға үйдің кілтін облыс имамы Мұсабек Ақтамберді табыстады.
Аудан орталығында су жаңа үйлер 4-5 миллион теңге тұрады. Бұл баспананың кірпішін жергілікті имамдар да өз қолдарымен қаласқан. Несіпкүл Баймұрза игі іске бастамашы болған ҚМДБ «Зекет» қорына, жанашыр жамағатқа ризашылығын білдірді. Бұл – «Ел үлесі – пәтерге» жобасымен жыл басынан бері Түркістан облысы бойынша берілген 15-баспана.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
yassi.kz
11.08.2020
5686
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру