Қостанайдағы «Дорстрой материал ХХІ» ЖШС директоры «Біз біргеміз» акциясы аясында Тобыл кентінің «Ажар» мешітіне 5 қабатты үйдің 1 қабатынан 3 бөлмелі пәтер сатып алып берді.
Тобыл кенті әкімінің бірінші орынбасары Аманжол Бауыржанұлы арнайы келіп, Ажар мешітінің имамына үйдің кілті табыстады.
Ауданымыздың бас имамы Аязбек Жұмабайұлы Қостанай облысының бас имамы Бақытбек қажы Тәжімбеттің құттықтауы мен алғысын жеткізе отырып, үй алып беру туралы өтінішті жауапсыз қалдырмаған мекеме басшыларына және осы сауапты істі ұйымдастырған аудан әкімшілігіне рахмет айтты.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
08.08.2020
2931
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру