Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: «Мүсірәлі ата» мешітіне жаңа имам тағайындалды

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 08.08.2020 922 0 пікір
Қызылорда: «Мүсірәлі ата» мешітіне жаңа имам тағайындалды
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қызылорда қалалық «Мүсірәлі ата» мешітінің бас имамы қызметіне Жексенов Айтжан тағайындалды.
 
ҚМДБ-ның Сыр өңірі бойынша бас имамы Болатбек Ұласқанұлы аталмыш қызметті абыроймен атқарып келген Ә.Ақбаевқа алғыс білдіріп, жаңа имам Айтжан Мұсаұлына жаңа қызметінде сәттілік тіледі.
 
Айтжан Мұсаұлы - Қызылорда қаласының тумасы. 2012-2016 жылдары Нұр-Мүбарак университетінде «Исламтану» (бакалавр) мамандығы бойынша білім алған. 2016-2018 жылдары Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің «Дінтану» (магистр) мамандығын тәмамдаған. 2016-2020 жылдары Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде ұстаз, наиб имам қызметін атқарған. Үйленген, екі баласы бар.
 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі