Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Нұрисламға ноутбук тарту етті

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі akmechet.kz 07.08.2020 346 0 пікір
Қостанай: Нұрисламға ноутбук тарту етті

Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің ұйытқы болуымен бір күнде ата-анасынан айырылған оқушыға сый жасалды.

Мешіт жанашыры Расул Абайұлының демеушілігімен тағдырдың тауқыметін ерте тартқан Нұрислам есімді оқушыға ноутбук пен 25 мың теңге табысталды.  

 –Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі бослын) «Бір-бірлеріңе сыйлық беріңдер, өйткені сыйлық сүйіспеншілікті арттырады, дұшпандықты кетіреді» деп өсиет қалдырған. Осы сөзіміздің нақты дәлелі ретінде кішкентай ғана Нұрисламға жасалған сыйды айта аламыз. Жаратқан иеміз Нұрислам бауырымызға бір өзі жар болғай, оған көмек беріп, сый жасаған жанашыр азаматқа береке мен амандық бергей! – деп ақ тілегін жеткізді Арқалық қалалық мешітінің бас имамы Дархан Исламбекұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі