Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметінің дәстүрлі бағыттарының бірі – қайырымдылық екені белгілі. Осы орайда, ҚМДБ-ның Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің жанындағы «Ізгілер жолы» еріктілер тобының ұйымдастыруымен «Қайырымдылық керуені» шарасы өтті.
ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Ануар Ізімбайұлының қатысуымен өткен іс-шара аясында тұрмыс жағдайы төмен 300 отбасыға арнайы азық-түлік себеттері (ұн мен макарон өнімдері, күріш, қарақұмық, қант, сұйық май, шай) үлестірілді.
«Қайырымдылық жасау – қайырлы іс. Мұқтаж жандардың қажетін өтеу – Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі бослын) қалған асыл сүннетіміз. Раббымыз Алла аталмыш іс-шараға атсалысқан барша кәсіпкер азаматтар мен еріктілерге разы болсын», – деді бас имам Ануар Ізімбайұлы.
Шара соңында, мұқтаж жандар еріктілерге алғыс айтып, жасап жатқан игі істеріне ризашылықтарын білдірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі
beket-ata.kz
06.08.2020
4149
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру