Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: 5650 отбасыға ет таратылды

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі 05.08.2020 409 0 пікір
Шымкент: 5650 отбасыға ет таратылды

Биыл құрбан шалу шарасы қашықтан (онлайн) өткізіліп, жалпы еліміз бойынша жоғары деңгейде атқарылды.

Осы бағытта арнайы түсіндіру, жарнамалау, насихаттау жұмыстары қарқынды жүргізілді. Нәтижесінде жамағат және қала тұрғындары түсініп, төтенше жағдай кезінде тиімді болғанын айтуда.
Шымкент қаласы бойынша қашықтан (онлайн) құрбандық шалуға 688 қой-ешкі, 57 сиыр (сайтпен тапсырыс беру арқылы 39 сиыр, 396 қой-ешкі; тұрғындар тарапынан 18 сиыр, 292 қой-ешкі) шалынды. Құрбандық еті Шымкент қаласындағы көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі және уақытша табысынан айырған 5650 отбасыға таратылды.

Құрбандық етінің жедел жеткзілуіне мешіт жанындағы еріктілер тобы мен мешіт имамдары үлес қосты. Құрбандық малы қала бойынша барлық талапқа сай бір ғана орында шалды. Осылайша халықтың денсаулығы сақталып, індеттің таралуына шектеу қойылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі