Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЕЛОРДА ӨКІЛДІГІ ҚОР МҮШЕЛЕРІНЕ КӨМЕК КӨРСЕТТІ (ФОТО)

muslim.kz 05.08.2020 2784 0 пікір
ЕЛОРДА ӨКІЛДІГІ ҚОР МҮШЕЛЕРІНЕ КӨМЕК КӨРСЕТТІ (ФОТО)

ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен бүгін бас шаһардағы «Бақытты шаңырақ» мүгедектігі бар бала тәрбиелейтін отбасылар қорына қайырымдылық шарасы жасалды. Қор төрайымы Пернеш Абдукаримқызының жасаған өтінішіне орай бүгін елорда өкілдігі атынан қор мүшелеріне 100 сөмке ет және азық-түлік қоры берілді.

Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған өкілдік қызметкерлері алдымен «Бақытты шаңырақ» қорының жақында ашылған орталықтарына соғып, науқас сәбилерді емдеу-сауықтыру шараларына арналған жұмыстарымен танысып, қор қызметкерлеріне көмек сөмкелерін табыстап қайтты. Сол жерге жиылған ата-аналар қауымы мен қор қызметкерлеріне Ерболат Нұрылдаұлы ізгі тілегін білдіріп, аздаған насихат айтты.

Қайырымдылық көмегінің көлемдеу болуына байланысты қалған жәрдем сөмкелері «Бақытты шаңырақ» қорының қоймасына табысталып, өкілдік қызметкерлері карантин режимін сақтай отырып аталған мекенжайға жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру