Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семей: Құрбан айт қарсаңында 100-ден аса отбасыға зекет берілді

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі semey-meshet.kz 04.08.2020 2534 0 пікір
Семей: Құрбан айт қарсаңында 100-ден аса отбасыға зекет берілді

Құрбан айт мейрамы қарсаңында жомарт жандардың қолдауымен және «Зекет» қорының ұйымдастыруымен Семей Қос мұнаралы орталық мешітінде қайырымдылық шарасы өтті.

Осы іс-шарада көп балалы отбасылар мен мешіт тазалықшыларына 30 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.

–Алла Тағала Құранда: «Бір жақсылық істеген адам он есе сауапқа ие болады» («Әнғам» сүресі, 160-аят), – деп айтқан. Осы ретте  Семей өңірі бойынша «Зекет» қоры игі, ізгі, сауапты іс-шарараға қол ұшын берген азаматтарға алғысын білдіріп, болашақта өз үлесін қосуға ниет еткен қайырымды жандардың қатары көбейетініне сенеді, - деді Семей аймағының бас имамы Асқар Мұқанов.

Өздеріне жасалған жақсылыққа разы болып, көңілдеріне қуаныш ұялаған көпшілік «Зекет» қорына алғыстарын айтып, дұға жасап тарқасты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру