Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: 3689 мұқтаж отбасыға құрбан еті жеткізілді

Қарағанды облысындағы өкілдіктің баспасөз қызметі ihsan.kz 04.08.2020 2524 0 пікір
Қарағанды: 3689 мұқтаж отбасыға құрбан еті жеткізілді

Барша мұсылман жұртына ортақ Құрбан айт мейрамы да аяқталды. Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты, биылғы мейрам өзгеше өткен болатын.

Қарағанды өңірінде де ұйымдастыру жұмыстарына бекітілген мешіт қызметкерлері карантин жағдайына байланысты арнайы режимде жұмыс істеп, өз міндетін тиісті деңгейде орындады. Жұмыс барысында санитарлық талаптардың сақталуы қатаң қадағаланды.

Барша мұсылман асыға күткен қасиетті мейрамда өңірде 2 сиыр, 68 қой, 143 тоқты, 66 ешкіге тапсырыс қабылданды. Көмек сұраған 1180 отбасынан өтініштер келіп түстсе, барлығы 3689 мұқтаж отбасыға қайырымдылық ретінде ет таратылды.

Сонымен қатар, 12 құрбандық еті қаламыздағы қарттар үйіне үлестірілсе, «Талбесік» көпбалалы аналар одағына 49 қойдың еті таратылды. Зағиптар қауымдастығына 12 қой, Асыл аналар қауымдастығына 51 қой, кәмелетке толмаған бейімдеу орталығына і қой және ауруханаға тегін 1 қой таратылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру