Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамбыл: Құрбан айт қорытындыланды

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 03.08.2020 2674 0 пікір
Жамбыл: Құрбан айт қорытындыланды

Бүгін Құрбан айт мерекесінің аяқталуына орай баспасөз мәслихаты өтті. Шарада ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев пен Тараз қаласының бас имамы Амантай Садиев сөз сөйледі. БАҚ тілшілеріне берген мәлімдемесінде дін мамандары Құрбан айт мерекесінің өту барысы мен ет тарату шарасының қорытындысын тілге тиек етті.

Бейбіт Әліпбекұлы өз сөзінде барлық дін мамандарына, қасапшыларға, еріктілер тобына, мемлекеттік қызметкерлер мен атсалысқан мемлекеттік органдарға алғысын жеткізе отырып:

"Биылғы қасиетті Құрбан айт мейрамында Алла разылығы үшін Құрбандық шалуға Qurban2020 сайты бойынша ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігіне жүгінгендер 12 ірі қара, 45 қой, 58 тоқты 2 ешкі малына тапсырыс берген. Ал ет алуға өтініш білдірген, мұқтаж отбасылардың саны облыс  бойынша 1544 болса, соның ішінде 1138-і Тараз қаласы бойынша сұраныс жасағандар. Халықтың қасапханаға жүгіну арқылы шалған құрбандықтарының көрсеткіші мынадай: 269 ірі қара, 5 түйе, 4211 қой, 70 ешкі құрбандыққа шалынып, 16 981 адамға таратылды. Келіп түскен өтініштер бойынша құрбандық малының еті отбасыларға түгел жеткізілді," - деп нақтылады. 

Айта кетейік, карантинге байланысты етті жеткізу үшін Тараз қаласы бойынша 31 көлік жасақталды.  Әр көлік 20 отбасыға құрбандыққа шалынған малдың етін еріктілер тобы үйді-үйге жеткізіп отырды. Барлық шара карантин талаптарына сай атқарылды. Сайт бойынша тапсырыс берушілерге есеп те жіберіліп отырды. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру