Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемен: 4700 отбасыға құрбан еті берілді

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 03.08.2020 2213 0 пікір
Өскемен: 4700 отбасыға құрбан еті берілді

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен Құрбан айт қарсаңында аймақта 1281 қой, 29 ешкі, 50 сиыр құрбан шалынды.

24 тоннадан астам құрбан малының еті Өскемен қаласында және аудандарда тұратын көпбалалы, тұрмысы төмен отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға таратылды. Осылайша игі шара барысында 4712 отбасыға құрбан еті және азық-түлік үлестірілді. Сонымен қатар Өскемендегі «Үміт» балалар үйіне, мүгедектер қоғамына, қалалық және аудандық, ауылдық 8 ауруханаға әрқайсысына 1 тоннадан құрбан еті жеткізілді.

«Құрбан айт мерекесі қарсаңында қаладағы әлеуметтік мекемелерге және сайтқа тіркелген мұқтаждар мен әкімдік тарапынан берілген мұқтаж адамдардың барлығына ет және азық-түлік түрі жеткізіліп берілді. Бұл іске аудандардағы және Өскемен қаласының ерікті жастары тартылды» деп атап өтті Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің іс басқарушысы Берік Кәдірұлы. Сонымен қатар ол онлайн құрбанды насихаттау, ет тарату қатарлы шаруаларға өңір имамдарының аса белсенді қатысқандығын айтып өтті.

Тұрмыс тауқыметін тартып қиналған отбасыларға Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті атынан 500 мың теңгенің көмегі көрсетілді. Көмек алған отбасылар өкілдікке алғыс білдірді. Құрбан айт мерекесі өңірде карантин талаптарын сақтай отырып, зор ұйымшылдықпен өтті. Көшелерге баннерлер ілініп, мерекенің лебін сездірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру