Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: 22 қара мал, 1282 қой құрбан шалынды

Павлодар облыстық "Мәшһүр Жүсіп" мешітінің баспасөз қызметі 03.08.2020 2313 0 пікір
Павлодар: 22 қара мал, 1282 қой құрбан шалынды

Қасиетті Құрбан айт мерекесімен қатар Павлодар облысы бойынша құрбан шалу рәсіміне қатысты ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстары жыл-жылдағыдай қалыпты деңгейде өтті.

Ұйымдастыру жұмыстарына бекітілген мешіт қызметкерлері карантин жағдайына байланысты арнайы режимде жұмыс істеп, өз міндетін тиісті деңгейде орындады. Жұмыс барысында санитарлық талаптардың сақталуы қатаң қадағаланды.

Мұсылман қауымының ұлық мейрамында Павлодар облысы бойынша 22 қара мал, 1282 қой құрбан шалынып, 3036 мұқтаж отбасыға құрбандық еті жеткізілді. Бұл шамамен 4 тонна қара мал, 31 тонна ұсақ малдың еті.

Сонымен қатар, құрбандық еті қаламыздағы қарттар мен балалар үйлері, «Самал» оңалту орталығы, Зағиптар қоғамы мен ауруханаларға тегін таратылды. Сондай-ақ айт мерекесі күндері ауруханаларда қызмет атқарып  жатқан медицина қызметкерлеріне арнайы дайындалған «Айттық ас» үлестірілді.

Орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті арқылы қашықтан (онлайн) құрбан шалуға тапсырыс берген азаматтардың уәкілдік құрбандығы толығымен орындалды. Уәкілдік құрбандығының есебін қажет еткен жандарға атқарылған іс-шаралардың фото-видео мәліметі толық жіберілді.

Мерекелік қуанышқа бөленген жандар, қашықтан (онлайн) құрбан шалуға тапсырыс берген азаматтар тарапынан да телефон, әлеуметтік желі, уатсап арқылы жылы лебіздер мен игі тілектерін айтты. Осы ретте облысымыздағы қала, аудан, ауыл мешіттерінен қайырымдылық шарасына белсенді түрде атсалысып, мұқтаждың мұңын бөлісіп, сауапқа үлес қосқан барша азаматтарға айрықша алғыс айтамыз.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру