Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Құрбандық еті түгел таратылды

iman.kz 03.08.2020 2599 0 пікір
Шымкент: Құрбандық еті түгел таратылды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы аясында еліміз бойынша қашықтан (онлайн) құрбандық шалу жобасы қолға алынып, сәтті жүзеге асты.

Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов бастап, Шымкент қаласының бүкіл имам-ұстаздары толық қатысып, бәрі бір жұдырықтай атсалысып қашықтан (онлайн) шалынған құрбандық етін мұқтаж отбасыларға толық таратып, мекенжайларына жеткізді.

Одан бөлек Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының ұсынысымен «Жусан» операциясы отбасыларға, Шыңғысбай қажы Дәуітұлы мешітінде орналасқан Нұр-Мүбарак университетіне түсуге дайындайтын орталықтың шәкірттеріне, қалалық 4 балалар үйінде тәрбиленіп жатқан жеткіншектерге, сондай-ақ «Шымкент» медресе-колледжінің оқу базасына құрбандық еті жеткізілді.

Осынау суапты шараға қолдау көрсеткен барша азаматтарға Алла Тағала разы болсын!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру