Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы Ар-рахман мешітінің бас имамы Зиядолла Еміл Ақтаудағы №2 және №3 арнаулы қызметтер көрсету орталықтарында болып, қайырымдылық шарасына қатысты.
Қарттар үйінде қазір 100-ден астам тұрғын бар. Барлығы да денсаулықтарының төмендегінен және отбасы жағдайымен мемлекеттің қамқорлығына өткен. Ал №3 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 4-18 жас аралығындағы 102 бала тіркелген. Аутизм, ДЦП, Даун ауруларына шалдыққан 54 бүлдіршін интернатта тұрып жатыр.
Орталық директоры Шаттыгүл Қаракүшікованың айтуынша, елдегі індетке байланысты карантин ережелері қатаң сақталып отыр. Ар-рахман мешітінің бас имамы Зиядолла Еміл қос орталық тұрғындарын Құрбан айтпен құттықтап, дендеріне саулық тіледі. Қайырымдылық мақсатында орталықтарға ет жеткізіп, алдағы уақытта да көмек қолын созатынын айтты.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық орталық Бекет ата мешітінің баспасөз қызметі
03.08.2020
2586
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру