Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Бас имам әртүрлі сала мамандарына айттық үлестірді (Видео)

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 01.08.2020 2802 0 пікір
Атырау: Бас имам әртүрлі сала мамандарына айттық үлестірді (Видео)

Қасиетті құрбан айтты карантин жағдайында өткеруге атсалысып жүрген мамандарға Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы айттық таратты.

Олардың арасында полиция, төтенше жағдай департаменті, ветеринария саласының мамандары бар.

Еске сала кетелік, бүгінгі таңда Атырау облысы əкімдігі тарапынан құрбандықты онлайн форматта ұйымдастыру жөніндегі арнайы штаб жұмыс істеп жатыр.

Құрылған штабтан тыс, орталық «Иманғали» мешіті тарапынан 12 бригада құрылды. Аталмыш бригада онлайн арқылы берілген тапсырыс аясында құрбан малын союмен және құрбан шалушыларға фото, видео есептер жіберумен айналысуда.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру