Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Мұқтаж отбасыларға құрбан еті таратылды

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 01.08.2020 2427 0 пікір
Қызылорда: Мұқтаж отбасыларға құрбан еті таратылды

Эпидемиологиялық ахуалға байланысты егізілген өзгертерге сәйкес биылғы мейрам өзгеше өтуде. ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен www.qurban2020.kz сайты іске қосылып, құрбан шалу рәсімін қашықтықтан өткізу қолға алынған болатын.

Осы орайда, Сыр өңірінің мешіттері де Бас мүфти бастамасына қолдау білдіріп, аймақ тұрғындарының құрбан шалу ниетін онлайн форматта жүзеге асыруды бастап кетті.

Қасиетті мерекенің алғашқы күнінде-ақ,  ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы бастаған арнайы штаб мамандары алдын-ала белгіленген қасапханада құрбан шалу рәсімін өткізіп, сайтқа онлайн өтініш берген мұқтаж жандардың мекен-жайларына тегін жеткізуде.

Алғашқы күннің өзінде
облыс орталығында 2 ірі қара, 50 қой, 20 тоқты, аудандарда 20 ірі қара, 91 қой құрбандыққа шалынып, жалпы облыс бойынша 1200-ге жуық отбасыға құрбан еті таратылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру