Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚҰРБАН АЙТ: ҚОЙ БАСТАРЫ ДА ТАРАТЫЛУДА (ФОТО)

ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі muslim.kz 01.08.2020 873 0 пікір
ҚҰРБАН АЙТ: ҚОЙ БАСТАРЫ ДА ТАРАТЫЛУДА (ФОТО)

Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай ҚМДБ тарапынан ұйымдастырылған Құрбан шалу рәсімі бүгін де қызу жалғасу үстінде.

Құрбан малдарын сойып, мұқтаж отбасыларға тарату жұмыстарын айттың алғашқы күні-ақ белсене бастап кеткен ҚМДБ Нұр-Сұлтан өкілдігінің қызметкерлері бүгін де игілікті шараның көрігін қыздыра түсті.

Айта кетейік, ҚМДБ ұйымдастырған қашықтықтан уәкілдік беру арқылы құрбан шалу акциясы аясында кешегі күнгі дейін Елорда өкілдігі бойынша 32 ірі қара және 600 қой түлігі жиналған болатын. Осы орайда, құрбан етін алуға онлайн өтініш білдірген тұрғындарға құрбандық еттеріне қоса, үйітілген қой бастары да қоса таратылуда. Сондай-ақ, құрбандық малдарының ішек-қарындарын қараусыз қалдырмай, бірден тазаланып мұқтаж жандарға берілу үстінде.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі