Бүгін Семейде тексерістен өтіп, арнайы дайындалған қасапханаларда уәкіл құрбандық шалу басталды.
Жоламан кентінде орналасқан ғимаратта онға жуық қасапшы, отыздан астам еріктілер жұмыс атқарды. Құрбан айттың алғашқы күнінде 10 ірі қара мен, 106 қой шалынды. Шара барысын Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев пен жауапты мамандар қадағалады.
355 отбасыларға құрбан малы таратылды. Ертең тағы 500-ге жуық отбасыға ет таратылады. Көпбалалы аналар еріктілер жұмысына риза болып, алғыс айтты.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі
31.07.2020
2630
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру