ҚМДБ бастамасымен «Өмірге үміт сыйла» акциясы әлі де жалғасып жатыр. Түркістан облысы бойынша имамдардың ұйымдастыруымен ауруханаларға берілген медициналық құрал-жабдықтың саны жүзге жуықтап қалды.
Кезекті игі шарада Шардара аудандық ауруханасына 16 жасанды тыныс алдыру аппараты тарту етілді.
Оның 8 данасын «Әбу Мансур әл-Матруди» мешітінің жамағаты өз қаржысына алып берді. Қалғанын кәсіпкерлер сыйлады. Әрқайсысының құны 170 мың теңге тұрады. Аурухана ұжымы имамдарға игілікті істері үшін ризашылықтарын білдірді.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
yassi.kz
30.07.2020
2723
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру