ҚМДБ «Зекет» қорының «Өмірге үміт сыйла!» акциясының аясында Маңғыстау облыстық ауруханасына «ВМЗ-пациенттің мониторы» аппараты сыйға тартылды.
Науқастың денсаулығын тексеруге арналған құрылғының құны – 1 млн 500 мың теңге. Қымбат құрылғыны «Зекет» корпоративтік қорының Маңғыстау өкілдігі жиналған қаражатқа алып берді.
–Елдегі індеттің өршуіне байланысты, ауруханаларда кейбір құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі байқалғаны рас. Дәрігерлер қазіргі кезде осы аппараттың аса қажеттігін айтқан болатын. Бүгін Ресейден жеткен оңтүстік корейлік медициналық құралды облыстық ауруханаға тапсырып отырмыз,- деді Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Елжанов.
Мешіт қызметкерлері мұндай игі шаралардың алдағы уақытта жалғасын табатынын айтады. Өйткені, өмірге үміт сыйлау – ең ізгі амалдардың бірі дейді олар.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі
beket-ata.kz
28.07.2020
2994
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру