Бұл күндері Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы «Рахат Ислам» мешіті имамдарының ұйытқы болуымен көптеген қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.
Соның айқын көрінісі ретінде, бүгінгі Жаңаөзен қалалық ауруханасында болған игі шараны айтуға болады. Бүгін, 23 шілдеде, күні бойы тыным таппай, аурухана қызметкерлеріне барынша көмектесіп, кислород балондарын тасып жүрген 60 ерікті азаматқа арнайы ыстық тағам дайындалып, сусындар үлестірілді.
–Осындай сын сағатта атқарылып жатқан қайырымды істер көп болып, бірлігімізді көрсетейік ағайын! - дейді ұйымдастырушылар.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі
beket-ata.kz
23.07.2020
3069
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру