Қостанай облысында «Өмірге үміт сыйла!» қайырымдылық акциясы жалғасын табуда.
Өңір тұрғындарының өмірін сақтап қалу мақсатында 21 тыныс алдыру аппараттары көршілес Ресейдің Екатеринбург қаласынан сатып алынды.
ҚМДБ «Зекет» қорының Қостанай облысындағы өкілдігінің мәліметіне сүйенсек, осы күнге дейін 20 млн-ға жуық қаражат жиналып, осы қаражатқа алынған 34 аппараттың игілігін халық көріп жатыр. Ал алдағы уақытта осындай құрылғылар мен дәрі дәрмектер және т.б. ауруханаға қажетті заттарды сатып алу жоспарда бар.
Акцияға белсене қатысып, мұрындық болған азаматтарға, имамдарға «Олжа Агро» және «Best Kostanay» секілді мекеме басшыларына дәрігерлердің, тұрғындардың алғысы шексіз.
–Халықтың денсаулығы мықты болса, еліміздің де экономикасы өркендей түсетіндігі белгілі. Ендеше жүректері мейірімге толы іскер жандардың ниеттері қабыл болып, жерлестеріміздің отбасы тек қуанышқа кенеле берсін. Бауырларымыз «Кең болсаң, кем болмайсың» деген қағиданы берік ұстана береді деген нық сенімдеміз, - дейді Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбет.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
akmechet.kz
23.07.2020
4142
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру