Саржал десе, көпшіліктің есіне қазақтың сусыны қымыз еске түседі. Бүгінде осы өлкенің азаматтары ел басына түскен ауыр кезеңде имамдардың насихаттауымен Семей қаласындағы 7 ауруханада індетке шалдығып емделіп жатқан және де осы індетті өзіне жұқтыру қауіпі бола тұра, науқастардың жанынан ұдайы табылып жүрген, қазіргінің батырлары, ақ халатты абзал жандарға 1 тонна қымызды тегін жеткізіп берді.
Қайырымдылық шарасы ҚМДБ «Зекет» қорының ұйымдастырған «Өмірге үміт сыйла» акциясы аясында өтті. Оған қоса 120 адамға тамақ дайындалып таратылды.
–Бабаларымыз «Сапырылған сары алтындай сары қымыз – сауға қуат, ауруға ем, дәрі қымыз» деп, қымыздың емдік қасиетін жетік білген. Сапырған қымызын сырқаттарға тегін әкеп берген жандарға Алла разы болсын! «Өмірге үміт сыйла» акциясы әрі қарай да жалғасын табады. Барша халқымызды осы акцияға атсалысуға шақырамыз. Алла Тағала Құранның «Мәида» сүресінің 32-аятында: «Кімде-кім бір адамды тірілтсе (өлім қатерінен құтқарса) ол бүкіл адамзатты тірілткенмен тең» деген, - дейді ұйымдастырушылар.
Семей аймағы бойынша «Өмірге үміт сыйла» акциясына атсалысу үшін төмендегі есепшотқа ақша аударуға болады.
Kaspi Gold: 4400 4301 2682 4561
Amanzholov Birzhan
Тел номер: 87013108999



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі
semey-meshet.kz
21.07.2020
3361
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру