Еліміздің тыныштығын бұзып, қаралы үйдің санын көбейте түскен індет әлі де басылмай тұр. Көптеген отбасыны жұмыссыз қалдырып қана қоймай, жақындарын да алып кетуде.
Сын сағатта сыналып қиындыққа тап болған жанұяларға Жамбыл облысының рухани жүрегі болған Һибатулла Тарази мешітінің ұйымдастыруымен, кәсіпкер азаматтардың атсалысуымен көмек көрсетілді. Облыс бойынша еліміздегі карантин шараларына байланысты әлеуметтік жағдайы төмен 150 отбасыға 30 мың теңгеден үлестірілді.
Мешіт имамдары аудандарға арнайы ат басын бұрып, көмекті табыстап қайтты. Қайырымдылық шарасына жалпы 4 500 000 теңге жұмсалды. Жәрдем алғандар шын жүректен алғыстарын жеткізіп, қариялар батасын берді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі
asyldin.kz
21.07.2020
2940
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру