Осыдан бірер күн бұрын Тараз қаласы облыстық Һибатулла Тарази мешітінде көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен, жалғызбасты 15 отбасыға LC Wikiki дүкеніне 27 мың теңгенің және Abdi кеңсе тауарлары дүкеніне 25 мың теңгенің сертификаттары берілді.
Игі шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев пен мешіт қызметкерлері қатысты. Сертификат алған жанұялар осы қаражат көлемінде киім және кеңсе заттарын ала алады.
«Тараздың ең танымал дүкендерінен жаңа қажеттіліктерін алатын балалар мәз болысып, қуанды» – дейді ата-аналар.
Карантин жағдайына байланысты жұмыс орындарының тоқтап, қаражатсыз қалған отбасылар үшін бұл үлкен көмек болған-ды.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі
asyldin.kz
19.07.2020
2705
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру