ҚМДБ «Зекет» қорының СҚО-дағы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Өмірге үміт сыйла!» акциясы аясында өкпені жасанды тыныстандыру аппараттары өңірдегі ауруханаларға жеткізілді.
СҚО бас имамы Кенжетай Байкемелұлының айтуынша, аймақ бойынша жиналған қаражат мөлшері – 23 миллион теңге. Оның 15 млн. теңгесіне 36 дана оттегі концентраторы сатып алынса, қалған қаражатқа жергілікті ауруханалармен ақылдасып өзге де керекті медқұрылғылар, дәрілер алынбақ.
Солтүстік дәрігерлері жомарт жандарға, сын сәтінде жақынына жанашыр болған жамағатқа және осы қайырымдылық шарасын ұйымдастырған ҚМДБ «Зекет» қорына ризашылықтарын білдіріп, алғысын жаудырды.
Бір айта кетерлігі, СҚО-дағы «Өмірге үміт сыйла!» қайырымдылық акциясына өзге ұлт, тіпті, өзге дін өкілдері де атсалысқан. Бұл – адамгершілік, мейірімділік пен қайырымдылық сынды ұлы ұғымдардың ұлтқа, дінге бөлінбейтіндігіне тағы бір дәлел.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
СҚО Қызылжар мешітінің баспасөз қызметі
qyzyljarmeshit.kz
18.07.2020
4915
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру