Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл толуына орай Қызылорда облысы, Шиелі ауданының Балаби ауылында көпір халық игілігіне берілді.
Шиелі ауданына арнайы сапармен барған ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша бас имамы Болатбек Ұласқанұлы жаңа көпірдің лентасын қиды. Ауданға қарасты Балаби ауылында салынған көпірдің ұзындығы 8 метр, ені 2 метрді құрайды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Шиелі аудандық орталық мешітінің мұрындық болуымен жүзеге асырылған маңызды жобаға ауыл халқы дән риза.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
aqmeshit.kz
18.07.2020
4189
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру