Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ПАВЛОДАР: КӘСІПКЕРЛЕР 30 ДАНА ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТОРЫН ТАРАТТЫ

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 17.07.2020 3000 0 пікір
ПАВЛОДАР: КӘСІПКЕРЛЕР 30 ДАНА ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТОРЫН ТАРАТТЫ

ҚМДБ-ның бастамасымен қолға алынған «Өмірге үміт сыйла!» акциясы аясында «Зекет» қорының Павлодар облысындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен Павлодар қаласында жасалған жасанды тыныс алдыру аппаратының 30 данасын жергілікті кәсіпкерлер өздерінің аудандарына арнап сатып алып, жеткізуде.

Оттегі концентратор аппараты аталатын бұл құрылғы кислород баллонына қосылып, адамның дем алуына көмекетеседі.

–Сонымен қатар «Өмірге үміт сыйла!» акциясы арқылы облыстық «Зекет қорына» түскен қаражатқа Түркия елінің зауыттарында жасалған аппараттар сатып алынды. Енді құдай қаласа, ол жақтан келетін аппараттарды да күтіп отырмыз. Ол аппараттар келе салысымен қорға түскен қаражат, оған алынған құрылғылар қай аудандарға, емханаларға бөлінген туралы қосымша видео жасалып, есебін халыққа береміз, – деді Павлодар облысының бас имамы Бертымұратов Жолдас Қоспақұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру