Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ-30: ЖАҢААРҚА АУДАНЫНДА ЖАҢА ҚҰДЫҚ САЛЫНДЫ

Қарағанды облысындағы өкілдіктің баспасөз қызметі ihsan.kz 15.07.2020 3746 0 пікір
ҚМДБ-30: ЖАҢААРҚА АУДАНЫНДА ЖАҢА ҚҰДЫҚ САЛЫНДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай 30 игі іс-шара аясында Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында жаңа құдық пайдалануға берілді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ Бекқожа мұндай сауапты әрі игі істі өңір жамағатымен атап өтіп, құдықты халықтың игілігіне пайдалануға салтанатты түрде табыстады.

Аталмыш игі іс «Таза Су» мемлекеттің кәсіпорнының басшысы Ырысбеков Жәнібек Сайлаубекұлының қолға алуымен және Жаңаарқа мешіті жамағатының демеушілігімен жүзеге асты. Осындай игі шараның жоғары деңгейде жүзеге асқанына аймақ тұрғындары өз алғыстарын білдіріп, өңір ақсақалы Шайхин Жарулла Сатан мырза батасын берді. Жаңа құдық шамамен 5000 адамды таза сумен қамтамасыз етеді. Яғни, күніне 1800 отбасы құдықтағы таза сумен тұтына алады. Алдағы уақытта 30 жылдық мерей той аясында тағы көптеген игі іс шаралар жүзеге аспақшы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру