Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«ҺИБАТУЛЛА ТАРАЗИ» МЕДРЕСЕСІ КОЛЛЕДЖ МӘРТЕБЕСІН ИЕЛЕНДІ

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 14.07.2020 4131 0 пікір
«ҺИБАТУЛЛА ТАРАЗИ» МЕДРЕСЕСІ КОЛЛЕДЖ МӘРТЕБЕСІН ИЕЛЕНДІ

Білімі мен біліктілігі келіскен исламтанушы, имам хатиб мамандарды даярлап шығарып, елімізде өзіндік орны бар білім ордасы атанған «Һибатулла Тарази» медресесі мемлекеттік жаңа лицензияға ие болды.

Жаңа жатақхана, спортзал сынды ғимарат тұрғызып, барлық талаптарға сай болған білім беру орны бүгін колледж-медресе атауын алды. 

Айта кетейік, «Һибатулла Тарази» медресесі алғаш рет 2012 жылы студенттерге есігін ашқан болатын.  

Медреседе оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай. Оқу жоспарына сай шәкірттер дәріс тыңдап, практикалық, зертханалық сабақтарға қатысады, өзіндік жұмыспен айналысады, аралық бақылау барысында курстық жұмыстар, сынақ, емтихан тапсырады. 

Медреседегі оқу үдерісі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан бекітілген және ҚР БҒМ-мен келісілген экспериментальды оқу жоспарының негізінде жүргізілуде. Оқу бағдарламасына діни пәндермен қатар зайырлы пәндер де енгізілген. Барлық оқу пәндерінің жұмыс жоспарын ҚМДБ Оқу-ағарту бөлімі әзірлеген.

Колледж атанған оқу ордасы биылғы 2020-2021 жылға талапкерлерді қабылдайды. Толығырақ төмендегі суретте мәлімет берілген.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру