ҚМДБ Төрағасы, Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазірет Орталық аппарат және облыс имамдарымен өткізген онлайн жиында: «Карантин жағдайына қарамастан қайырымдылық шаралары тоқтамайды. Аймақтардағы мешітке қарасты тігін цехтарын іске қосып, қажетті бетпердемен қамтамасыз етуді имамдарға тапсырамын» деген болатын.
Осыған орай Алматы облысының Талғар ауданында «Stop COVID-19» қайырымдылық шарасы өтті. Шара барысында аудан имамы Қажымұқан Қамбарұлы бастаған мешіт қызметкерлері аудандық Жастар ісі бөліміне жауапты Қасымхан Қалдыбайұлы 100-ге жуық әлуметтік аз қамтылған отбасыларға, ел қызметінде жүрген жұмысшыларға, жалғызбасты аналарға бетперде мен антисептик үлестірді.
Мешіттерден ұдайы жәрдем алып тұратын отбасылар Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бастамасына ризашылық білдіріп, алғыс айтты.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы өңірі өкілдігінің баспасөз қызметі
14.07.2020
3200
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру