Бүгін, 13 шілде – жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты республиканың барлық өңірінде Құран Хатым дұғасы жасалды.
Еліміздің оңтүстігі мен солтүстігінде, шығысы мен батысында, орталық өңірлерінде соңғы бір апта ішінде 100 Құран Хатым оқылса, бүгін облыстардың бас имамдары, медресе ұстаздары арнайы дұға жасап, бір Алладан ел амандығын тіледі.
Имамдар мен ұстаздардың бәрі де індеттен қайтыс болғандардың рухына Құран бағыштап, қол жайып, Жаратқаннан қиындықтың соңынан жеңілдік келуін, науқастардың тезірек сауығып, індеттің жер бетінен жойылуын сұрады.
Бұған дейін ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен өкілдіктерде індетке қарсы дұға жасалып, құрбан шалынғанын айта кеткен жөн.











ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
13.07.2020
4449
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру