Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Шымкент» медресе-колледжінің директоры марапатталды

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 12.07.2020 4983 0 пікір
«Шымкент» медресе-колледжінің  директоры марапатталды

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасында марапаттау шарасы ұйымдастылды.

Игі шара барысында Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысы Рақымбек Жолаев мырза ұлағатты ұстаз, дінтаушы «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембайға 2019-2020 оқу жылындағы түрлі қиындықтарға қарамастан және де әлемді жайлаған пандемия жағдайында қоғамның келешек тірегі жастардың білімі мен тәрбиесін нығайтуға қосқан өлшеусіз еңбегінің нәтижесі үшін марапаттады.

Айта кетсек, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының қолдауымен «Шымкент медресе» колледжіне 2020-2021 оқу жылына студенттердің тегін білім алуы үшін мемлекеттік 100 грант бөлінді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру