Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Елдімекендерде құрбан шалып, дұға жасалды

Қарағанды облысындағы өкілдіктің баспасөз қызметі 10.07.2020 2350 0 пікір
Қарағанды: Елдімекендерде құрбан шалып, дұға жасалды

Ел басына күн туып, жұртымыз үлкен сынаққа кезіккен кезеңдерде бабаларымыз тасаттық жасап, құрбан шалған. Қазір де жер-жаһанға тарап жатқан аты жаман індеттен аман-есен шығуды Жаратқаннан тілеп, еліміздің түкпір-түкпіріндегі мешіттерде құрбандық шалынып, садақа берілуде.

Осындай игі іс Қарағанды облысының Жаңаарқа және Жәйрем елдімекенінде жалғасын тапты. ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Бекқожа Өмірзақ Қазкенұлы бастаған мешіт имамдары мен жамағат бүкіл әлемді алаңдатып отырған COVID-2019 жұқпалы індетке қарсы Алла Тағаладан халқымыздың амандығы мен тыныштығын тілеп құрбандыққа бір жылқы, бір сиыр, үш қой шалды, дұға жасап, Жаратқаннан медет тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру