Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ТАЛДЫҚОРҒАН ӨҢІРІНДЕ ЕКІ КӨПІР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Талдықорған қаласының орталық «Иман» мешіті taglym.kz 08.07.2020 847 0 пікір
ТАЛДЫҚОРҒАН ӨҢІРІНДЕ ЕКІ КӨПІР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Бүгін жазиралы Жаркентте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай Алматы облысы Талдықорған өңірі Панфилов ауданының Қоңырөлең ауылы мен Сартөбе ауылдарында екі көпір ел игілігіне берілді.

Ашылу салтанатына ҚМДБ-ның Қайырымдылық және уақып істері бөлімінің меңгерушісі Камалжан Бекбосынұлы,  Алматы облысы Талдықорған өңірінің Бас имамы Ардақ Оразбаев Нүсіпханұлы және Панфилов ауданының құрметі азаматы, аудандық мәслихат депутаты Елтай Тұрлықожаұлы мен ауыл әкімі Нұрлан Берікұлы қатысты.
 
Бұл ҚМДБ-ның «30 жылдыққа 30 игі шара» аясында Қоңырөлең ауылында 7 метрлік көпір және Сартөбе ауылында 36 метрлік көпір ауыл отасынан өтетін өзенге салынған. Панфилов аудандық орталық мешітінің бас имамы Шәріп Серіктың ұйымдастыруымен мешіт имамдары мен жамағаттарының қаражатына салынды.  Талдықорған өңірінің Бас имамы сауапты шараға мұрындық болған азаматтарға алғыс білдіріп, жүрекжарды лебізін жеткізді, алғыс хат табыстады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі