Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: Сайрам тұрғындары ауруханаға көмек берді

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі yassi.kz 06.07.2020 423 0 пікір
Түркістан: Сайрам тұрғындары ауруханаға көмек берді

Түркістан облысының Сайрам ауданы имамдарының ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті. Бұл жолы жамағат пен демеушілер, сондай-ақ, еріктілер ауруханаға көмектесуді ұйғарды.

Көптің қаражатынан 2 миллион теңге жылу жиналды. Ол қаражатқа оттегі бөшкелері алынып, Қарабұлақ ауылдық орталық ауруханасына тапсырылды. Дәрігерлер игі іске ұйытқы болған мешіт имамдарына ризашылықтарын білдірді.

Ауданның бас имамы Сейдахмет Темірбек ізгілікке атсалысқан азаматтардың баршасына алғыс айтып, бұл істің жалғасатынын жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі