Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Орал: Әр отбасына 50 мың теңге берілді

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі 05.07.2020 2322 0 пікір
Орал: Әр отбасына 50 мың теңге берілді

Орал орталық мешітінің наиб имамы Самат Әлібаевтың қолдауымен Оралда тұратын тұрмысы төмен 15 отбасыға 50 мың теңге көлемінде қаржылай көмек берілді.

Діни басқарманың 30 жылдығына орай ұйымдастырылған шарада Орал орталық мешітінің наиб имамы көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар және жалғызбасты аналардың үйлеріне арнайы барып, қаржыны мұқтаж жандарға табыс етті.

Аллаға шүкір, қайырымдылық жұмысын жандандыру дағдылы үрдіске айналды. Қайырымды болып, сауапты іспен жарысайық, бауырлар!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру