Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тараз: Имамдар онлайн жиналыс өткізді

asyldin.kz 05.07.2020 359 0 пікір
Тараз: Имамдар онлайн жиналыс өткізді

Һибатулла Тарази мешінде Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиевтің ұйымдастыруымен онлайн жиналыс өтті.

Онлайн шараға облыстық мешіт, қала, аудан имамдары қатысты. Бас мүфтидің төрағалығымен өткен төралқа мәжілісінде айтылған мәселелерді өңірдегі мамандарға жеткізген бас имам пандемия кезіндегі діни рәсімдерді санитарлық талаптарға сай ұйымдастыру; биылғы түлектерді жұмысқа орналастыру және жаңа оқу жылына талапкерлер дайындау; онлайн уағыз-насихат пен Құран хатым оқуды жандандыру; алдағы Құрбан айт мерекесіне дайындық жасау; халықты жұқпалы аурудан сақтандыру мақсатында онлайн садақа беруді қолға алу жайлы тапсырмалар берді.

«Санитарлық талаптарды қатаң сақтау, халыққа психологиялық қолдау білдіріп, көбірек истиғфар, салауат айту және садақа ниетімен құрбандық шалуды ұйымдастыру қажет. Осындай сын сағатта бірлікпен, қатаң шараларды ұстана отырып, Алладан дұға тілеп, қиындықты жеңейік» деді Бейбіт қажы Мырзагелдиев.

Бас имам аудандағы хал-ахуалды сұрап, әр маманға нақты тапсырма берді. Жиын соңында Т.Рысқұлов ауданының бас имамы Сұлтаншәріп қажы Жадыраев Алладан еліміз үшін шипа сұрап, бата берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі