Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

BEKET-ATA.KZ САЙТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ (ФОТО)

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 05.07.2020 3267 0 пікір
BEKET-ATA.KZ САЙТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының өңірлердегі үгіт-насихат жұмыстарын күшейтуге байланысты тапсырмасына орай Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің beket-ata.kz ресми сайты іске қосылып, таныстырылымы өтті.

Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға орай, аталмыш сайттың тұсаукесері онлайн форматта өтті. Іс-шара барысында Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы діни ақпараттың қоғам өміріндегі маңыздылығын атап өтіп, сайт ұжымына жемісті жұмыс, шығармашылық табыс тіледі.

«Біз ақпараттық дәуірде өмір сүрудеміз. Осы тұста бұл сайттың іске қосылуы – біз үшін үлкен жетістік. Ендігі жерде, облыс көлеміндегі діни-танымдық бағыттағы жаңалықтар мен мақалалар, жамағатымызға осы сайт арқылы беріледі», – деді Әнуар Ізімбайұлы.

Сондай-ақ жиынға арнайы қатысқан Маңғыстау облысының Дін істері басқармасы «Дін мәселелері бойынша ақпараттық-талдау орталығы» КММ басшысының орынбасары Аллаберген Қонарбаев жаңадан ашылған сайтқа оң бағасын беріп, мешіт ұжымына ақпарат саласында сәттілік тіледі.

Сайтта ел және облыс деңгейіндегі діни жаңалықтар, танымдық мақалалар, өзекті діни сұрақ-жауаптар, Маңғыстау өлкесінің көрікті жерлерінің 3-D панорамалары және видео уағыздар жарияланады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру