Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семей имамдары құрбан шалып, дұға жасады

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі semey-meshet.kz 04.07.2020 2503 0 пікір
Семей имамдары құрбан шалып, дұға жасады

Әлемге дүрбелең салған COVID-19 жұқпалы індетінен тез құтылып, ауырғандар сауығып, бұрынғы қалпымызға жету мақсатында ҚМДБ Семей қаласы бойынша өкілдігінде құрбан шалып, дұға ету шарасы ұйымдастырылды.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына орай ұйымдастырылған шараны Семей қаласының имамдары жалғастырды. 

Осынау қиын сәттерде шипа мен ем болатын алғашқы амал – мұсылманның дұғасы. Көпшілік Құран хатымын жасап, оқылған намазда да, берген садақаларында да Алладан еліміз үшін амандық сұрауда.

Игі шара барысында арнайы мал шалынып, құрбан еттері мұқтаж отбасыларға таратылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру