Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Жаңақорғанға жаңа имам тағайындалды

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі muftyat.kz 04.07.2020 2713 0 пікір
Қызылорда: Жаңақорғанға жаңа имам тағайындалды

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының №1191 бұйрығымен Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мешітінің бас имамы қызметіне Абдіхалық Нәметов тағайындалды.

Жаңақорған ауданына арнайы сапармен барған облыстың бас имамы Болатбек Абуов ауданда 10 жылдан астам уақыт бас имамдық қызмет атқарған Омаров Садулла қажыны асыл дініміздің насихатталуына қосқан үлесі үшін Бас мүфти Наурызбай қажының алғыс хатымен марапаттап, ата дәстүрмен иығына шапан жапты.

Бұдан кейін Болатбек Ұласқанұлы Садулла қажының еңбек жолын үлгі ете отырып, Айқожа ишан бабамыздың ұрпағы Абдіхалық Махмутұлына жауапкершілігі мол имамдық қызметті абыроймен атқаратынына сенім білдіріп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

 

Нәметов Абдіхалық Махмутұлы 1965 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. 

Білімі:

1994 жылы Қазақтың дене тәрбиелеу мәдениеті институты «Дене тәрбиелеу мәдениеті» мамандығы бойынша жоғары білім алған;

2013-2014жж аралығында ОҚО Шымкент қаласындағы «Ықылас» қарилар дайындау орталығында білімін жетілдірген;

2017 ж. Нұр-Мүбарак университеті жанындағы имамдардың білімін жетілдіру курсына қатысқан;

2019 ж. Жаңақорған ауданындағы мешіт имамдарына арналған оқыту семинарына қатысқан.

 

Еңбек жолы:

2014 жылдың 23 қыркүйек айынан бастап Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңарық ауылы «Жаңарық» мешітінде имамдық қызмет атқарып келген.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру