Пандемия туғызған дүрбелеңнен шипа сұрап, Жамбыл облысының барлық өңірлерінде құрбандық шалына бастады.
Алғашқы болып орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде 1 ірі қара, 1 ұсақ мал шалынса, бұл қатарға Меркі сынды басқа аудандар да қосылып жатыр.
«Һибатулла Тарази» мешітіндегі шараға қатысқан ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев:
«Мұсылманның ең мықты қаруы – дұға. Елімізде кең тараған вирустан қайтыс болғандар саны артып, ауырғандардың есебінен тіптен шатасатын деңгейге жеттік. Көпшілік Құран хатымын жасап, намазда да, берген садақаларында да Алладан еліміз үшін амандық сұрауда» дей келе, дұға жасап, Алладан медет тіледі.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі
asyldin.kz
03.07.2020
3604
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру